МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ: 2006 –  FIAPF МОЙЫНДАУЫ


III «Еуразия» ХКФ 2006 жылы Алматыда қаласында өтті. Дәл сол жылы фествиаль Кинопродюсерлер қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIAPF) аккредитациясын алды. Сонымен қатар, кинофестивальдің  негізгі байқауы ретінде орталық азия байқауы белгіленіп, оның қазылар алқасын  түрікмен режиссері Ходжакули Нарлиев басқарды. 

Фолькер Шлендорф (Германия) және әйгілі ирандық отбасы Махмальбафтардың (Мохсен, Самира, Хана и Марзи Мешкини) фильмдерінің ретроспективалары өткізілді. Қазақ киносының шебері Абдулла Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай шебердің фильмдерінің ретроспективасы да өтті.

Негізгі (халықаралық) байқаудың жеңімпаздары:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Эдем» (Германия – Швейцария), реж. Майкл Хофман.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Жан Юан («Кішкентай қызыл гүлдер», Қытай).

Ÿ Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Кек» (Қазақстан), реж. Дамир Манабай.

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Ладан Мо («Қош бол, өмір», Иран).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Масато Ибу («Тербет», Жапония).

Орталық азия байқауының жеңімпаздары:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Дүниежарық» (Қазақстан), реж. Жанабек Жетіруов.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Камара Камалова («Аспан астындағы жол», Өзбекстан).

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Фатима Гулямова («Овора», Тәжікстан).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Төлеген Қуанышев («Дала экспресі», Қазақстан).