МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ: 2007 – ЖАҢА КӨКЖИЕК


2007 жылы Алматыда өткен IV «Еуразия» ХКФ фестиваль жақсы қарқын алып жатқанын көрсетті. Аргентиналық режиссер Ариэль Роттер басқарған жаңа халықаралық қазылар алқасымен қатар, сол жылы азиялық кино кеңістігінде жетекші орган болып табылатын дүниежүзілік ұйым – НЕТПАК (Азия киносын ілгерілету желісі) киносыншыларынан құралған қазылар алқасы өз жұмысын бастады.    

Халықаралық байқаудан басқа, Орталық Азия және түркітілдес елдердің байқауы өтті. «Кино көпірі: Шығыс-Батыс» бағдарламасы әлемдік кино классигі Тео Ангелопулос (Греция) және Тайваньның әйгілі режиссері Цай Минь Лянның ретроспективаларын қамтыды. Қазақ режиссері Мәжит Бегалиннің туғанына 85 жыл толуына орай оның фильмдері көрсетілді. 

Халықаралық байқаудың жеңімпаздары:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Жарты ай» (Иран – Франция – Австрия – Ирак), реж. Бахман Гобади.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Алексей Попогребский («Қарапайым заттар», Ресей).

Ÿ Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тәрбиеленуші» (Филиппин), реж. Бриллианте Мендоза және «Шұға» (Қазақстан – Франция), реж. Дәрежан Өмірбаев.

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Бинбин Фан («Пекиндегі адасқандар», Қытай).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Леонид Броневой («Қарапайым заттар», Ресей).

Орталық Азия және түркітілдес елдердің байқауы:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при екі картинаға берілді: «Стриж» (Қазақстан), реж. Абай Құлбай и «Бос Салкын» (Қырғызстан), реж. Эрнест Абдыжапаров.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Фатих Хациосманоглу («Тас жастық», Түркия).

Ÿ Үздік актриса дипломы – Динара Қашағанова («Күнә», Қазақстан).

Ÿ НЕТПАК қазылар алқасының сыйлығы  –  «Стриж» (Қазақстан), реж. Абай Құлбай.