МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ: 2008-2010 – ФЕСТИВАЛЬДІҢ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛУЫ МЕН КӨШУІ


V «Еуразия» ХКФ 2008 жылы Алматыда емес, алғаш рет Астанада өтті. Ол Қазақстан астанасының 10 жылдық алғашқы мерейтойына байланысты ауыстырылды. Сол жылы фестивальде Орталық Азияның кино өнімдеріне басымдық берілді. Халықаралық қазылар алқасын америкалық продюсер Майкл Фицджеральд басқарды. 

2009 жылы фестиваль біздің республикамызға да әсерін тигізген әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты өткізілмеді.

2010 жылы фестиваль Алматыға қайта оралды. VI «Еуразия» ХКФ 21-25 қыркүйек аралығында өтті. Халықаралық байқауда тағы да Орталық Азия мен түркітілдес әлем фильмдеріне көбірек назар аударылды. Қазылар алқасын америкалық актер Билли Зейн  басқарды. Бұл жыл «Серпінді қазақ киносы» жаңа бағдарламасының пайда болуымен ерекшеленді, осылайша жас киногерлер үшін жаңа мүмкіндіктер есігі ашылды. Сондай-ақ, «Еуразияда» алғаш рет ФИПРЕССИ (Кинематография баспасөз өкілдерінің халықаралық федерациясы) қазылар алқасы жұмыс істей бастады. 

Жеңімпаздар:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Свет-Аке» (Қырғызстан), реж. Актан Арым Кубат.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Пелин Эсмер («Оннан он бірге дейін», Түркия).

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Дарья Горшкалева («Гастарбайтер», Ресей).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Андрей Мерзликин («Адасқан», Қазақстан).

Ÿ Халықаралық қазылар алқасының ерекше пікірі – «Жаңа есім» дипломы – Резеда Хадиуллина «Бибінұр» фильміндегі рөлі үшін (Татарстан).

Ÿ ФИПРЕССИ қазылар алқасының сыйлығы – «Свет-Аке» (Қырғызстан), реж. Актан Арым Кубат.

Ÿ НЕТПАК қазылар алқасының сыйлығы – «Шаштар» (Түркия), реж. Тайфун Пирселимоглу және «40-шы есік» (Әзірбайжан), реж. Елчин Мусаоглу.

Ÿ VI «Еуразия» ХКФ дирекциясының «Ерекше оқиға» дипломы Синцзяндағы қазақ диаспорасы түсірген режиссер Ренат Яхфудың қытайлық «Гүлбике» фильміне берілді.

Ÿ VI «Еуразия» ХКФ дирекциясының «Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін» сыйлығы Голливудтың әйгілі актері және режиссері Кевин Костнерге берілді.