VII «Еуразия» ХКФ Алматыда 2011 жылы өтті. Ол Ресей мен Қазақстан киногерлері бірлесіп түсірген «А»-ға оралу» картинасының премьералық көрсетілімімен ашылды. Іс-шараға Сигурни Уивер, Джон Кусак, Настасья Кински және басқа да әлемдік деңгейдегі жұлдыздар келе бастады. Оңтүстік Кореядан келген режиссер Ким Ки Дук халықаралық қазылар алқасын басқарды. Фестивальге көптеген шетелдік журналистер, «А» санатындағы кинофестивальдердің іріктеушілері, продюсерлер мен дистрибьюторлар қатысты.
Кинофестиваль аясындағы маңызды іс-шараның бірі «Қазақстандық киножобалар нарығы» – кәсіби кинематографистер алаңы болды, оған 65 сценарлық өтінім беріліп, 8-і іріктеуден өтті. Нәтижесінде үш сценарий еуропалық киностудиялармен бірлесіп шығару үшін қаржыландырылды.
Америкалық актриса және продюсер Сигурни Уивер қызық оқиғаға тап болды, ол әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды. Марапаттау кезінде ол сахнаға қазақтың ұлттық камзолын киіп шақты, ал «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшев жүлдені табыстап, актрисаны «Голливудтағы қазақтардың өкілі» деп атады. Актриса бұдан былай Сигурнигуль деген атты алатынын айтып, әзілдеді.
Жеңімпаздар:
Үздік фильм үшін Гран-при – «Көктемнің алғашқы жауыны» (Жапония – Қазақстан), реж. Сано Синдзю және Ерлан Нұрмұхамбетов.
Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Нариман Төребаев («Шуақты күндер», Қазақстан).
Үздік актриса сыйлығы – Ольга Симонова («Бедуин», Ресей).
Үздік актер сыйлығы – Теодор Юлиуссон («Вулкан», Исландия).
ФИПРЕССИ қазылар алқасының сыйлығы – «Бусонг» (Филиппин), реж. Ораус Солито.
НЕТПАК қазылар алқасының сыйлығы – «Свинец» (Өзбекстан), реж. Зульфикар Мусаков.