VIII «Еуразия» ХКФ Алматыда 2012 жылы өтті. Бұл жылы жақсы артхаус фильмдері көп болды және сондай фильмдерді жоғары бағалай білетіндер үшін кинофестиваль нағыз мерекеге айналды. Көрсетілімдерді жіберіп алмауға тырысқан шығармашыл жастар «Еуразия» туралы айта бастады. Байқау бағдарламасына 2012 жылғы Канн кинофестивалінде «Үздік актер» сыйлығын жеңіп алған даниялық Томас Винтербергтің «Аңшылық» фильмі қатысты. Фестиваль директоры Гүлнара Әбікеева айтқандай, «байқау бағдарламасының деңгейін арттыратын бұл фильмнің фестивальге қатысуы үшін көп күш жұмсалды».
Сондай-ақ, 2012 жылғы Берлин кинофестивалінің қатысушысы франко-поляк- германдық «Откровение» фильмі мен 2011 жылдың үздік грек фильмі «Балалар қаласы» картинасы таныстырылды. «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» атты қазақстандық фентези фильмі көрсетіліп, ерекше оқиға ретінде атап өтілді.
Қазылар алқасында Голливуд режиссері Вольфганг Петерсен төрағалық етті. Бір қызығы, ол 1997 жылы «Президенттің ұшағы» фильмін түсірген. Онда қазақстандық арнайы қанды диктатор Иван Радектің босатылуын талап етіп, жасақ жағымсыз кейіпкер ретінде Америка Президентінің ұшағын басып алған. Фильм бойынша Қазақстан – ядролық қаруды жақтайтын ел, ал оның билеушісі КСРО-ны қайта құруға ниетті. Петерсен 15 жылдан кейін «ядролық державаны» өз көзіммен көремін деп ойламаған болса керек.
Жеңімпаздар:
Үздік фильм үшін Гран-приді тағайындамау туралы шешім қабылданды.
Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық Учкун Алпер («Болашақ мәңгілікке созылады», Түркия) мен Малгожата Шумовскаға («Откровения», Франция – Польша – Германия) берілді.
Үздік актриса сыйлығы – Анаис Демустье («Откровения»).
Үздік актер сыйлығы – Азамат Нигманов («Конвой», Ресей).
ФИПРЕССИ қазылар алқасының сыйлығы – «Конвой» (Ресей), реж. Андрей Мизгирев.