МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ: 2013 – ҚАЗАҚСТАНМЕН КЕЗДЕСУ ҮШІН ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС! 


IX «Еуразия» ХКФ 2013 жылы Алматыда өтті. Бұл жолы халықаралық қазылар алқасында Жаңа Зеландиялық жазушы және кинорежиссер Джейн Кэмпион төрағалық етті. Ол «Пианино» фильміндегі үздік сценарий үшін Оскар сыйлығының және Канн фестивалінің «Алтын пальма бұтағының» иегері. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамына «Бойня» фильмі үшін Канн кинофестивалінде үздік режиссер сыйлығына ие болған Филиппиндік кинорежиссер, оператор және продюсер Брилланте Мендоса, испандық продюсер, режиссер, актер және сценарист Луис Минарро, «Гладиатор» фильмі үшін «Оскар» сыйлығының иегері, америкалық сценарист Дэвид Францони кірді. Қазақстан азаматы, 29 жасар режиссер Эмир Байғазин қазылар алқасының ең жас өкілі болды. 

Фестивальдің шынайы гауһары әрі оның басты тосын сыйы ұлы шансонье, актер Шарль Азнавурдың келуі болды, ол Time журналы мен CNN телеарнасы бірлесіп өткізген сауалнаманың нәтижесі бойынша ХХ ғасырдың үздік эстрадалық орындаушысы деп танылды. 89 жастағы француз ән өнерінің патриархы фестивальдің қызыл кілеміне керемет қызыл костюмде шықты. Ал Қазақстанға, ол өмірінде алғаш рет – әлемдік өнерге қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықты алуға келген.    

Фестивальдің маңызды іс-шараларының бірі екінші «Қазақстан киножобаларының нарығы» – жас кинематографистерді қолдауға және халықаралық копродукцияны дамытуға бағытталған бірегей бизнес алаң болды. 

Жеңімпаздар:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Гүлдену» (Грузия), реж. Нанни Эквтимишвили және Симон Гросс.

Ÿ Үздік режиссура үшін сыйлық – Серік Апрымов («Бауыр», Қазақстан).

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Йордис Требел («Менің әпкелерім», Германия) және Елахе Хизари («Уайымдама, Сара», Иран).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Ко Джа Лер («Ило Ило», Сингапур) және Карло Сеччи («Сүйкімді», Италия).

Ÿ  ФИПРЕССИ қазылар алқасы өз сыйлығын «Ваджда» (Германия – Сауд Арабиясы) фильміне табыстаса, НЕТПАК қазылар алқасы сыйлықтарын бірден екі фильмге беруді шешті: «Бауыр» (Қазақстан) және «Теңізді күткенде» (Ресей – Қазақстан – Германия – Франция).