МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ: 2016 – МАХАББАТ ТУРАЛЫ АЙТАЙЫҚ!


XI «Еуразия» ХКФ 2016 жылы Алматыда өтті.  Фестивальдің басты тақырыбы махаббат болды. Осыған сәйкес барлық іс-шаралар үш бөлімге бөлінді: 

Ÿ «Қалаға деген махаббат» – Алматының қоғамдық орындарында (кафе, саябақ, жоғары оқу орындары) өткен кино көрсетілімдері;

Ÿ «Киноға деген махаббат» –  Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өткен негізгі және байқаудан тыс бағдарламалар;   

Ÿ «Кәсіпке деген махаббат» – мастер-класстар, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер және сала өкілдерінің кәсіби кездесулерінің легі.

Осы сөздермен – мамандыққа деген махаббатпен – 93 жасында (!) фестивальде Үздік актер жүлдесін жеңіп алған әйгілі кеңестік және қазақстандық актер Юрий Померанцевтің шығармашылық жолын сипаттауға болады. 

Халықаралық байқаудың қазылар алқасын белгілі ресейлік режиссер Валерий Тодоровский басқарды. Сонымен қатар, фестивальде алғаш рет қысқаметражды жұмыстар байқауы өтті.    

Жеңімпаздар:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Бөтен үй» (Грузия – Ресей – Хорватия – Испания), реж. Русудан Глурджидзе.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Әділхан Ержанов («Қаратас ауылындағы оба», Қазақстан).

Ÿ Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Ауданда» (Филиппин), реж. Луисито Лагдамео Игнасио.

Ÿ Үздік актриса сыйлығы –  Эммануэль Дево («Мокко», Франция – Швейцария).

Ÿ Үздік актер сыйлығы –  Юрий Померанцев («Аптасына бір рет», Қазақстан).

Ÿ Қысқаметражды жұмыстар байқауының Гран-приі – Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті Дархан Төлегеновтің «Таң сәулесі» фильмі.

Ÿ ФИПРЕССИ қазылар алқасының сыйлығы – «Жаралы періште» (Қазақстан), реж. Эмир Байғазин.

Ÿ НЕТПАК қазылар алқасының сыйлығы – «Бөтен үй» (Грузия – Ресей– Хорватия – Испания), реж. Русудан Глурджидзе.