XI «Еуразия» ХКФ 2017 жылы тіркелу орнын ауыстырды, яғни Астанада өтті. Фестивальдің тақырыбы сол жылы Қазақстан астанасында өткен «EXPO» халықаралық көрмесінің тұжырымдамасымен үндес «Мәдениеттер байланысы» болды.
2017 жылы кинофорум бағдарламаларына фильмдердің рекордтық саны – 296 картина, оның ішінде 12 туынды негізгі байқауға және 30 туынды қысқаметражды жұмыстар байқауына қатысқан. Осы екі байқауда фильмдердің 14 әлемдік және 11 азиялық тұсаукесерлері өтті. «Еуразия» лауреаттарына жүлделерді атақты америкалық актер, режиссер, продюсер және «Оскар» сыйлығына үміткер Джон Малкович табыс етті.
Айта кетейік, фестиваль аясында өткен «Тұлпар» ұлттық сыйлығының байқауына қазақстандық режиссер Әнуар Райбаевтың Ақмола лагерінде тұтқында болған отан сатқындары әйелдерінің ауыр тағдыры туралы баяндайтын «АЛЖИР» фильмі де қатысқан. Туындыда танымал актерлер Светлана Фортуна, Иван Анопченко, Алтынай Нөгербек және тағы басқалары ойнады.
Жеңімпаздар:
Үздік фильм үшін Гран-при – «Оралман» (Қазақстан), реж. Сәбит Құрманбеков.
Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Актан Арым Кубат («Кентавр», Қырғызстан).
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Гранатовый Сад» (Әзірбайжан).
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Жол станциясы» (Вьетнам).
Үздік актриса сыйлығы – Ия Шуглиашвили («Менің бақытты отбасым», Грузия).
Үздік актер сыйлығы – Гурбан Исмаилов («Анар бағы», Әзірбайжан).
Қысқаметражды жұмыстар байқауының Гран-приі – «Ит» анимациялық фильмі (Қазақстан).
ФИПРЕССИ қазылар алқасының сыйлығы – «Аритмия» (Ресей), реж. Борис Хлебников.
НЕТПАК қазылар алқасының сыйлығы – «Кентавр» (Қырғызстан), реж. Актан Арым Кубат.