МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ, 2018: СЕГІЗ ЖАСАР ЖЕҢІМПАЗ 


XIV «Еуразия» ХКФ 2018 жылы тағы Астанада өтті. Бұл жолы да фестиваль маңызды оқиға – елорданың 20 жылдығына орайластырылды.   

Фестивальдің қадірлі қонақтарының қатарында белгілі югославиялық және сербиялық кинорежиссер Эмир Кустурица, танымал француз актері Винсент Кассель, «Айка» фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінің Үздік актриса жүлдесін алған Самал Еслямова, ресейлік режиссерлер Сергей Пускепалис пен Анна Меликян, халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал сарапшылар мен сыншылар болды.

Байқаулық және байқаудан тыс бағдарламаларға 98 фильм, оның ішінде 21 отандық картина кірді. Вера Глаголеваның «Бейтаныс емеспіз» фильміне ду қошемет көрсетілді. 2017 жылғы тамыз айында қайтыс болған танымал ресейлік актриса әрі режиссер картинаны аяқтай алмады және оны әріптестері іске асырды. Фильмдегі басты рөлдердің бірін қазақстандық актер Санжар Мәди сомдады. 

Фестиваль «Еуразия» тарихындағы ең жас лауреатты да анықтады: Алексей Федорченконың «Аннаның күресі» фильміндегі басты кейіпкер сегіз жасар Марта Козлова  Үздік актриса жүлдесімен марапатталды.

Кинофестивальдің жеңімпаздары:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Кеш аяқталды» (Франция), реж. Мари Гарель Вайс.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Милко Лазаров («Ага», Болгария – Германия – Франция).

Ÿ Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Ана» (Грузия), реж. Мария Хатчани.

Ÿ Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Қуғыншы автостоп» (Оңтүстік Корея), реж. Хидже Джонг.

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Марта Козлова («Аннаның күресі», Ресей).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Карим Мирхадиев («Төзімділік», Өзбекстан).

Ÿ Қысқаметражды жұмыстар байқауының Гран-приі – «Балықтардың монологы» (Үндістан – Бангладеш), реж. Суборна Сенжути.

Ÿ ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазылар алқасының таңдауы бір фильмге түсті –  режиссер Елизавета Стишованың «Сүлеймен тау» (Ресей – Қырғызстан – Польша) фильмі.