МЕНЮ

«ЕУРАЗИЯ» ЖЫЛНАМАСЫ. 2019: – ӘЙЕЛДЕР МӘСЕЛЕСІ


Осы уақытқа дейін өткізілген фестивальдердің соңғысы – XV «Еуразия» ХКФ – 2019 жылы үшінші рет қатарынан Астанада өткізілді. Ол елімізде «Кинематография туралы» Заңның қабылдануына байланысты өзінің форматын өзгертті және заңда жазылған құралдардың нәтижесі ретінде ұсынылды.

Фестивальдің бағдарламалық директоры Таллиндік продюсер және іріктеуші Элеонора Граната-Дженкинсон болды. Оның арқасында байқауда әйелдерді кемсіту, олардың эмансипациясы және нәзік жандылардың өзгеріп келе жатқан қоғамдағы орны мәселелеріне арналған картиналар пайда болды. Алайда, бұл фильмдерді ер адам – әйгілі Венгр режиссері Тамаш Тот басқарған қазылар алқасы бағалады.    

Фестиваль бірнеше конкурстан тыс бағдарламаларды қамтыды: «Объектив», «Ерекше оқиға», «НЕТПАК таңдауы» және «Еуразия жүрегінен». Америкалық продюсерлер тобы Қазақстанмен танысу және бірлесіп фильм шығару мүмкіндіктерін талқылау үшін «Еуразияға» арнайы келді.

Кинофестивальдің жеңімпаздары:

Ÿ Үздік фильм үшін Гран-при – «Тұлғалық өсу тренингі» (Қазақстан), реж. Фархат Шәріпов.

Ÿ Үздік режиссерлік жұмыс үшін сыйлық – Пон Чжун Хо («Паразит», Оңтүстік Корея).

Ÿ Үздік сценарий үшін сыйлық – Теона Стругар-Митевска мен Эльма Татарагич («Құдай бар, оның аты Петруния», Македония – Бельгия – Франция – Хорватия – Словения).

Ÿ Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Менің күнім батпайды» (Ресей), реж. Любовь Борисова.

Ÿ Үздік актриса сыйлығы – Эмили Пипоннье («Алиса», Франция – Австралия).

Ÿ Үздік актер сыйлығы – Йорам Толедано («Жаңғырық», Израиль).

Ÿ Қысқаметражды жұмыстар байқауының Гран-приі – «Шырайлы күндер» (Қытай), реж. Мария Хабулл.

Ÿ НЕТПАК таңдауы – «Сорақай» (Ресей), реж. Кантемир Балагов.

Ÿ Қазақ киносын дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлықпен Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов марапатталды.