1998 жылы құрылған «Еуразия» ХКФ – FIAPF (Кинопродюсерлер қауымдастығының халықаралық федерациясы) акредиттеген жалғыз қазақстандық кинофестиваль.
2012 жылы беделді International Film Guide (Ұлыбритания) баспасы «Еуразияны» әлемнің үздік 35 кинофестивальдерінің тізіміне қосты.
Бағдарламалардың жоғары деңгейінің және конкурстық кинофестивальдерге қойылатын әлемдік стандарттардың орындалуының арқасында «Еуразияда» негізгі қазылар алқасымен қатар беделді халықаралық киносыншылар мен кинотанушылардан тұратын ФИПРЕССИ және НЕТПАК ұйымдарының қазылар алқасы жұмыс істейді.
«Еуразия» ХКФ құрылған сәттен бастап Азия мен Еуропаның кино өнерін біріктіретін «Шығыс – Батыс» мәдени көпірі ретінде танылды.
Фестивальдің негізгі идеясы – отандық киноиндустрияның жетістіктерін әлемге таныту және ілгерілету, халықаралық кинематографиялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты дамыту.
Төрт рет, атап айтқанда 2008 жылы және 2017-2019 жылдар аралығында фестиваль елордамыз Астанада, ал қалған 12 фестиваль Алматыда өткізілген.
Түрлі жылдарда фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Ким Ки Дук, Катрин Денев, Кшиштоф Занусси, Изабель Аджани, Мохсен Махмальбаф, Софи Марсо, Эмир Кустурица, Жаклин Биссет, Шарль Азнавур, Сигурни Уивер, Тео Ангелопулос, Орнелла Мути, Джон Малкович, Настасья Кински, Джереми Айронс, Барбара Брыльска, Стивен Сигал, Пьер Ришар, Жерар Депардье, Эммануэль Беар, Чак Рассел, Николас Кейдж және басқалары болды.