АҚШ-та тұрып жатқан Мәриям әкесінің тірі екендігін және оның психикалық ауруханада жатқандығын біліп, Азербайжандағы өзінің туған ауылына оралады. Ол бала кезіндегі естелік әңгімелерді айтып, оның ақыл-есін емдегісі келеді. Бірақ естеліктерге оралған сайын, өзінің де әкесінің алдында ұятты екенін сезіне бастайды.
Азербайжан, Түркия, 2023, 95 мин.
Өндіріс: Azerbaijanfilm, TRT
Тілі: азербайжан
Тасымалдаушы: DCP
Сценарий авторы: Эльчин Мусаоглу
Қоюшы режиссер: Эльчин Мусаоглу
Қоюшы оператор: Орхан Аббасов
Қоюшы суретші: Заур Абдуллаев
Композитор: Азер Гаджиаскерли
Продюсер: Фариз Ахмедов
Рольдерде Тахмина Рафаэлла, Эртогрул Камалов, Айшад Мамедов, Заур Шафиев, Гамар Мамедова, Нураддин Мехдиханлы, Даниз Буниязаде, Даниз Гулузаде