Айбарша Божеева, Қазақстан
Комиссия төрайымы
"Өнертану" мамандығы бойынша философия докторы (PhD), AlmaU (Алматы Менеджмент Университеті) университетінің қауымдастырылған профессоры. Телебағдарламалар мен деректі фильмдердің қоюшы-режиссері, продюсер, сценарист. Кино өнерінің өзекті мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың ғылыми журналдары мен жинақтарында, сондай-ақ кино түсіру бойынша оқу құралдарында көптеген жарияланымдардың авторы.
Барбара Лорей де Лашарье, Франция
Ірі неміс және швейцариялық басылымдарда жиырма жылдан астам еңбек тәжірибесі бар журналист және киносыншы. Mumbai International Film Festival (Үндістан), Visions du Réel және Fribourg Film Festival (Швейцария), FIPA (Франция), Millenium Film Festival (Бельгия), Metropolis Cinema және Filmhaus Nürnberg (Германия) халықаралық кинофестивальдерінің бағдарламалық кеңесшісі және кураторы. ФИПРЕССИ сыйлығын ілгерілету департаментінің директоры. 2010 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша түрлі кинофестивальдер үшін арнайы бағдарламалар жасайды.
Азат Хакимов, Қазақстан
Продюсер, режиссер, KHAKIMOV OFFICE шығармашылық бірлестік-студиясының жетекшісі. "Режиссура" мамандығы бойынша философия докторы (PhD). 2015 жылдан бастап Қазақстанның киномектептерінде режиссура мен фильм түсіруден сабақ береді. Режиссер және атқарушы продюсер ретінде әр түрлі продюсерлік орталықтар мен жеке кинокомпаниялардың шығармашылық жобаларына (телехикаялар, толықметражды көркем және деректі фильмдер) қатысқан.