Оны Алдар Көсе дейтін, бұл – лақап аты еді. Алдар – алдаушы, Көсе – сақалы жоқ дегенді білдіреді. Оның шын есімін, ондай адамның болған, болмағанын ешкім білмейтін. Бірақ қай ауылға барсаң да, оның есімі ел аузынан түспейді. Әр әңгіменің тоқетер жері – ол кедей болса да пейілі кең, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп, халықты езген бай-манаптардың әділетсіздігіне қарсы күрескен-мыс.
КСРО
1964, 75 мин.
Өндіріс:
Қазақфильм
Тілі:
қазақ, орыс
Сценарий авторлары:
Лев Варшавский, Шәкен Айманов
Қоюшы режиссер:
Шәкен Айманов
Қоюшы оператор:
Марк Беркович
Қоюшы суретші:
Құлахмет Қожықов, Сахи Романов
Композитор:
Сыдық Мұхамеджанов
Рөлдерде:
Шәкен Айманов, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Атайбек Жолымбетов, Серке Қожамқұлов, Баян Әділова, Қуатбай Әбдірәйімов, Сайфолла Телғараев, Қасымхан Шанин, Рахметолла Сәлменов, Елубай Өмірзақов