МЕНЮ

Қазылар

алқасы


Халықаралық конкурс
ОА және түркі әлемі
NETPAC
Нури Бильге Джейлан
Қазылар алқасының төрағасы

Түркия

Кинорежиссер, кинооператор, фотосуретші

1959 жылы 26 қаңтарда Стамбулда туған.

Стамбул қаласында Босфор университетінің «Электротехника» факультетін бітірген, кейін Мимар Синан атындағы бейнелеу өнері университетінде кино өнері мамандығын алған. Фотосурет өнерімен айналысқан, бірнеше қысқаметражды фильм түсірген.

Канн кинофестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері. 2002 жылы «Адалау» фильмі  Канн кинофестивалінің Бас Жүлдесін және «Үздік ер адам ролі» Жүлдесін жеңіп алды. Джейланның «Жыл мезгілдері» (2006) атты келесі фильмі ФИПРЕССИ жүлдесін иеленді. 2008 жылы Джейлан Каннда «Үш маймыл» фильмі үшін «Үздік режиссер» Жүлдесін алды . 2011 жылы ол Гран-При за фильм «Бірде Анатолияда» фильмі үшін екінші рет Канн Бас Жүлдесін жеңіп алды. Ал 2014 жылы «Қысқы ұйқы» фильмі үшін үшінші реет «Алтын пальма бұтағын» алды.

Рано Шодиева

Өзбекстан

Актриса

1979 жылы Самарқандта туған. Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі. Көптеген халықаралық кинофестивальдардың жүлдегері, оның ішінде «Алтын сарбаз» XVI Халықаралық кинофорумында («Отан» («Ватан»), «Батыс-Шығыс» (Азербайжан) Халықаралық кинофестивалінде, «ШЫҰ» елдері кинофестивалінде (Мумбай, Үндістан); XV Ташкент Халықаралық кинофестиваліндегі жүлделері және «Қорқыт Ата» ІІ Халықаралық кинофестивалінде (Бурса, Түркия) арнайы жүлдесі бар. Кинода 150-ден аса роль сомдаған.

Артықпай Сүйүндүков

Қырғызстан

Режиссер, сценарист, актер

1947 жылы Қыргыз КСР-да туған. 1978 жылы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтын (БМКИ) бітірген. Институтты бітірген соң «Кыргызфильм» киностудиясында режиссер болып жұмыс істеді. «Адамдар арасында» (1978, Б.Шамшиевпен бірлесіп), «Жолдан шығып кетті» (1987), «Жоқтаушы» (1992), «Шамбала» (2021) атты көркем фильмдердің және 20-дан аса деректі фильмдердің режиссеры. 2000 жылдан бері университетте оқытушы болып қызмет етеді. 2004—2009 жылдары – қысқаметражды фильмдердің көркемдік жетекшісі.

Нада Ажари Гиллон

Франция

Киносыншы

Франко-сириялық сыншы, негізінен, Азия киносын зерттейді.

Лондонда араб тілінде күнделікті шығатын «Аль-Хайят» газетінде және Аль-Джазира Документ» сайтында үнемі жарияланып тұрады.

Халықаралық киносыншылар федерациясының мүшесі(ФИПРЕССИ), Сети продвижения Азия киносын тарату жүйесінің мүшесі  (NETPAC), Франция киножурналистер Одағының мүшесі  (UJC), Франциядағы Люмьерлер Академиясының мүшесі.

Кинофестивальдар жютақырыбын баспасөз беттерінде жариялап отырады, көптеген халықаралық қазылар алқасының жұмыстарына қатысады және Франция мен Азия фетивальдарына араб киносы туралы кеңес беріп отырады

Ерлан Нұрмұхамбетов 

Қазақстан

Режиссер, сценарист

1974 жылы Қазақ КСР-да туған. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-нда «Кинодраматург» мамандығы (2000) және «Өнертаану. Режиссура» мамандығы (2002) бойынша магистратурада оқыған. 1999 жылдан бастап қысқаметражды фильмдер түсіре бастайды, сол фильмдер арқылы халықаралық кино қауымдастығына таныла бастады. Оларда: «Жексенбі» (1999), «Жұма» (2000), «Қыз ұрлау» (2001) фильмдері. «Дауыл алдында» (Сано Синдзюмен бірлескен, 2011) атты тұңғыш толықметражды көркем фильмі «Еуразия» VII ХКФ (Қазақстан) Бас Жүлдесін және Инсбрук XXIII ХКФ (Австрия) Бас Жүлдесін иеленді. «Жаңғақ ағашы» (2015) фильмі Бусан ХКФ (Оңтүстік Корея, 2015) New Currents секциясының Бас Жүлдесін және Бас Жүлдесін және «Фаджр» ХКФ (Иран) «Азияның үздік фильмі» жүлдесін жеңіп алды, Ұлттық кинематография өнері және ғылымы академиясының 2016 жылғы «Тұлпар» сыйлығының «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» номинацияларының лауреаты атанды. Tokyo New Cinema студиясымен бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» (2018) фильмі Бусан ХКФ (Оңтүстік Корея, 2019) ашылу салтанатында көрсетілді. Астанадағы К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде көркем фильм режиссурасы бойынша шеберхана жүргізеді. Қазақстан Кинематографистер Одағының және Ұлттыө кинематография өнері мен ғылымы академиясының мүшесі.

Ли Баохуа  
Қазылар алқасының төрағасы

Қытай

ShangBaoJiaYi International Film and Television Culture Media (Beijing) Co, Ltd компаниясының директоры, Қытай теле-радио өнеркәсібі қауымдастығының мүшесі, продюсер және жүргізуші. Қытай орындаушылық өнері агенттігінің мүшесі.

Оның «Махаббат+100 жыл» фильмі «100 түсті Алтын әтеш» фестивалінде «Ең көрнекті фильм» және «Лос-Анджелес жаңа концептуалды кино» фестивалінің «Ең көрнекті кино» номинацияларын жеңіп алды. «Синкай көлі жанында» фильмі Хэйлунцзянда (Қытай) ең көрнекті жобалар тізіміне енген.

Жанна Куанышева

Қазақстан

Актриса

1958 жылы Алматыда туған. Киноға алғаш рет 1972 жылы реж. Серік Райбаевтың «Жаңбыр» фильмі арқылы келді. 1975 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясының фильмдерінде түсе бастады. 1983 жылы Киров атындағы ҚазМУ филология факультетін бітірді. 1981 жылдан бері КСРО кинематографистер одағының мүшесі. «Қазақфильм» киностудиясының сараптаушылар кеңесінің мүшесі. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Киноактер» шығармашылық бөлімінің басшысы. 40-тан аса кинотуындыға түскен. «Жыл таңдауы – 2001»  номинациясында Жылдың үздік актрисасы атанған.

ҚазКСР еңбек сіңірген артисі (1990). «Құрмет» (2001), және «Парасат» (2008) ордендерінің иегері.

Борис Шульман

Швеция

Кинодистрибьютор, продюсер

1953 жылы Одессада туған. Мәскеу басқару институтын бітірген (экономикалық кибернетика факультеті, 1975). 1976 жылдан  «Молодость» кинофестивалінде бағдарламашы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан бері  Швецияда тұрады. 2004 жылдан – (Сэм Клебанов және Барри Эпплбимен бірлесіп) «Maywin Films AB» компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Бұрынғы КСРО елдеріңде жасалған артхаус фильмдерді көрсету құқығын сатып алуға қатысты. Қазіргі кезде «Multimeldia Promotion» қосалқы иегері және «Maywin Media AB» компаниясының кеңесшісі (екеуі де – Швецияда).

Абделила Эль Джаухари

Марокко

Режиссер, сценарист, киносыншы

1964 жылы Мароккода, Фесе қаласында туған. Марокко киносы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Сыни мақалалар сериясының,  «Уарзазат – кино кеңістігі» және «Дамушы елдер кинематографы» атты кітаптардың авторы. Көптеген көркем және деректі фильмдердің сценарисі және режиссеры, ұлттық және халықаралық кинофестивальдардың жүлдегері. Оның режиссерлық туындыларының арсаында «Биші» (2013), «Раджаның қиқар қызы» (2014), «Су мен қан» (2015), «Көңіл күйі» (2018), «Алға, «Мадрид»,  «Барс жасасын!» (2020) және басқалары бар.

Жоғары аудиобейне өнері және кино институтының профессоры (Рабат – Марокко) және Марокко режиссерлары мен авторлары Одағының президенті.

Алексей Тельнов

Ресей

Продюсер, режиссер, сценарист

1974 жылы Ленинградта туған. 1996 жылы Санкт-Петербург мәдениет академиясын біріген.

2008 жылдан бері «ШӨБ «Санкт-Петербург деректі фильмдер студиясы» ААҚ бас продюсері. 100-ден аса кинотуындының авторы және продюсері, олардың ішінде: «Умальтаның алтыны», «Уақыт кілті», «Шырғанақты жаз», «Станиславский. Өмірге құштарлық», «Архипелаг» және тағы басқалар.

Ресей кинематографистер Одағының, ТМД елдері және Грузия киностудиялары Директорлар Кеңесінің мүшесі.

Нина Кочеляева
Қазылар алқасының төрағасы

Ресей

Деректі кино продюсері

Тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей Үкіметінің білім саласындағы Сыйлығының лауреаты (2021)

Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің Азия-Тынық мұхит, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері бойынша іріктеу комиссиясының мүшесі, “Алтын минбар” Қазан Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры,«Шығыс&Батыс. Классика және Авангард” Орынбор ХКФ «Өрме паралельдер» атты Ресей ашық конкурсының бағдарламалық директоры. «Еуразия көпірі» Ялта ХКФ бағдарламалық директоры.

Мәдениет саясаты, тарих және кино өнері тақырыптарына арналған 150-ден аса ғылыми мақаланың авторы. Отандық және шетелдік кино тарихына арналған бірнеше ұжымдық монография авторы және редакторы.

Андре Рафаэль Иванов

Фестиваль директоры, іріктеуші, таланттар агенті, продюсер

Кино-аудио-бейне өндірісінде үлкен тәжіребелі, беделді продюсер, таланттар бойынша халықаралық агент. Франциядағы Қазақ киносы фестивалінің негізін қалаушы және продюсері, Азия киносын тарату бірлестігінің
мүшесі (NETPAC).

Нанттағы Univerciné, Монпельедегі Cap à l’Est және Le Festival International du Film Transsaharien de Zagora сияқты халықаралық кинофестивальдарға бағдарлама жасау мәселелері бойынша кеңес береді. кеңесшісі. Удждегі Maghreb International Film Festival (Марокко) ХҚФ, Везульдегі (Франция) Азия киносы ХҚФ және Халықаралық Венеция кинофестивалінде (Италия) қазылар алқасы құрамында болды.

Гүлбара Толомушова

Қырғызстан 

Кинотанушы

Бішкекте туған. БМКИ түлегі, Мәскеу. Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, FIPRESCI және NETPAC мүшесі. Бішкекте Ш. Айтматов атындағы кино үйінің маманы.  ТМД елдерінің «Үміт» жастар киносі Форумының бағдарламалық директоры.  Фонда развития Кинематографты дамыту Қоры – kyrgyzcinema.com. сайтының авторы және редакторы. «Форум плюс» (МГЫҚ (МФГС) басылымы, Мәскеу)  журналының авторы. Kinokultura.com. онлайн киножурналының авторы.