
Ұлттық байқауға қатысушылардың баспасөз конференциясы – 6 күн
17 желтоқсан, Фестиваль орталығында Ұлттық байқауға қатысушылардың баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер: «Ақын» фильмінің режиссері Дарежан Өмірбаев және осы фильмде өзін ойнаған журналист Әлия Бопежанова; «Дос-Мұқасан» картинасының авторлары режиссер Айдын Сахаман және сценарист Ефрат Шарипов; «Схема» фильмінің режиссері Фархат Шарипов; сондай-ақ бірден екі фильмді таныстырған продюсер Юлия Ким: «Ақын» және «Схема».
Модератор: кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смаилова.
Халықаралық байқауға қатысушылардың баспасөз конференциясы – 6 күн
17 желтоқсан, Фестиваль орталығында Халықаралық байқауға қатысушылардың баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер: «Мәрмәрдай суық» фильмінің режиссері Асиф Рустамов, «Ешқайда апармайтын жол» фильмінің авторы Камара Камалова, сондай-ақ Ким Ки Дуктың «Құдайдың шақыруы» атты соңғы фильмін таныстырған продюсер Артур Вебер.
Модератор: фестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Әбікеева.
Режиссер және сценарист Лайла Пакалниняның шеберлік сабағы
17 желтоқсан, Фестиваль орталығында Латвиядан келген танымал кинорежиссер және сценарист Лайла Пакалниняның шеберлік сабағы өтті, оның көптеген жұмыстары ірі еуропалық кинофестивальдерге қатысып, жүлделерге ие болған. «Еуразия» фестивалінде латыш қонағы Ұлттық конкурстық бағдарламаның қазылар алқасын басқарады.