
«Тұран» университетінде өткен қырғыз режиссері Эрнест Абдыжапаровтың шеберлік сыныбы
14 желтоқсан, «Тұран» университетінде 20-дан астам халықаралық кинофестивальдердің қатысушысы, қырғыз режиссері, сценарист және продюсер Эрнест Абдыжапаровтың шеберлік сыныбы өтті. Оның «Ауыл басқармасы» картинасы II «Еуразия» ХКФ қазылар алқасының арнайы сыйлығымен марапатталған.