МЕНЮ
12 күнде түсірілген «Тұл» фильмі неге «Еуразия» кинофестивалінің сенсациясына айналды?

Нағыз кинематографиялық шедевр көпті қажет етпейтін кездер болады. Кейде бар болғаны 12 күн, шағын бюджет және қызықты оқиға жеткілікті. Шәрипа Оразбаеваның «Тұл» фильмі дәл осылай жасалды. Интернатта өскен қыздың өмірі баяндалатын картина «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің сенсациясына айналды.

«Фильмнің бюджеті шағын ғана болды. Актерлер киноға тегін түсуге келісті десек те болады. Актерлердің авторлық киноға қолдау көрсеткені маңызды. Өз алғысымды білдіремін», – деді фильмнің режиссері Шәрипа Оразбаева.

Фильмде баяндалған оқиға Шәрипаның жақын құрбысының өміріне негізделген. Бұл тек кино ғана емес, рухтың шынайы драмасы. Фильмде жалғыз қалып, интернатта өскен қыздың қиындыққа толы өмірі көрсетіледі.

«Құрбым тағдырдың түрлі сынақтарын бастан кешкен. Осыдан соң ол күрделі психологиялық қиындықтарға тап болды. Қазір ол үнемі өзін құбыжық ретінде елестетеді. Фильмнің соңында дәл осы сәтті көрсетуге тырыстым. Себебі біз өзімізді құбыжыққа айналдырамыз»,– дейді Оразбаева.

Алайда «Тұл» жеке адамның өмірі ғана емес, тұтас Қазақстанды сипаттайтын туынды. Қаңтар оқиғасының кадрлары фильмді ерекше атмосфераға бөледі. Осылайша режиссер өз азаматтық ұстанымын көрсете алды.

«Қаңтар оқиғасы барлығымыз үшін ауыр және қайғылы тақырып. Фильмде оны көрсету арқылы бізге ненің маңызды екенін айтқым келді», – дейді қазақстандық режиссер.

Фильмнің атауы «Тұл». Бұл терең мағыналы сөз. Сондай-ақ картинаның ішкі мәнін аша алады. Шәрипа Оразбаеваның айтуынша, қазақ тілінде бұл сөз тек «жетім» дегенді ғана емес, сонымен бірге адамның қоғамнан толық оқшауланғанын, оның ауыртпалығын ешкім түсіне алмайтындығын білдіреді.

«Тұл» фильмі тек жетім қыз туралы емес. Бұл адамның ішкі жан дүниесіндегі арпалыс. Мен осы сезімді беруге тырыстым», – дейді режиссер.

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде фильмнің тұсаукесері өтті. Залда ине шаншар орын табылмай, туынды көрермендердің ыстық ықыласына ие болды. Жиналған қауым көрсетілімнен кейін режиссер мен актерлерден өздерін мазалаған сұрақтардың жауабын алды.

«Тұл» фильмі ресурстардың аздығына қарамастан сапалы кино түсіруге болатынын дәлелдеді. Ол көрермендердің жан дүниесін байытып, ойын тербеп, сезімін қозғайды.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.