XVI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі жұмысының екінші күні биылғы Венеция кинофестивалінде тұсауы кесілген қазақстандық "Тау жуасы" картинасының режиссері Эльдар Шибановтың баспасөз конференциясымен басталды. Фестивальдің бағдарламалық жұмысы кеше де осы картинаны көрсетуден басталған болатын және бір қызығы, сонымен бірге кеше жас режиссердің туған күні аталып өтті.
Кездесудің модераторы фестивальдің іріктеу комиссиясының мүшесі, кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смайылова болды.
Журналистерге берген жауаптарында режиссер ешқандай мемлекеттік қаржыландырусыз тәуелсіз жобаны қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы, Венеция фестивалінің іріктеушілерін қалай қызықтыру керектігін, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия сценарий шеберлігі зертханасына кіріп, Biennale College Cinema бағдарламасы аясында грант алғаны туралы айтып берді. Режиссер туындыны жасаудағы жұмыс сәттері туралы әңгімелесті: түсірілім тобы қалай таңдалды және балалармен бірге түсірілім алаңында жұмыс істеу қиыншылықтары, сонымен қатар сюжет пен жанрды таңдау туралы қызық әңгіме өрбіді.
Айта кетсек, фильм өте жарқын және әсерлі болып шыққан және кешегі көрсетілім сәтті өтті. Зал лық толы болды, ал көрермендер фильмнен кейін авторларға алғыс сөздерін білдірді. Режиссер комедияның жанрлық түрін байыпты авторлық мәлімдемемен біріктіре алды. Нәтижесінде ересек әлем, оның проблемалары, отбасындағы келіспеушілік тақырыптары баланың көзімен көрсетілген маңызды фильм болып шықты.