XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің іскерлік алаңында мамандар өзінің мол тәжірибесімен бөлісуді жалғастыруда. Бүгін Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да маңызды әрі өзекті тақырыптардың бірі талқыланды Тілге тиек етілген мәселе Қазақстандағы балалар киносының дамуына қатысты.
«Көпшілік балаларға арналған фильмдер тек мейірімді, көңілді және әдемі болуы керек деп ойлайды. Бірақ олай емес. Бүгінгі жасөспірімдердің ойлау ауқымы әлдеқайда кеңірек. Оларға кино арқылы көтерілген терең ойлы, маңызды тақырыптар қажет», – дейді балалар киносының сарапшысы Мария Абадиева.
Режиссер, аниматор және кино педагогы Мария Абадиева жасөспірімдердің нақты сезімдері мен өмірде бетпе-бет кездесетін қиындықтарды бейнелейтін фильмдер жасаудың маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, тек қана көңіл көтеретін сюжеттермен шектелмей, терең мазмұнды мәселелерді көтеру қажет.
«Мечтатель» кинофестивалінің директоры Зарина Зикирова және режиссер Бекентай Әжібеков балалар киносына тек шығармашылық еркіндік ғана емес, сонымен қатар батыл және күрделі жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау қажет екенін алға тартты.
Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.
Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.