Әр жылдары 43 елден келген 109 фильм «Еуразия» кинофестивалінің негізгі (халықаралық) конкурстық бағдарламасында жеңімпаз атанған. Фестивальдің ұзақ тарихында сонымен бірге екі рет Орталық Азия байқауы және бір рет ұлттық байқау өткізілді. Бірақ біз бұл байқаулардың нәтижелерін бұл санаққа қоспадық.
Сонымен, Қазақстан сөзсіз көшбасында: 29 жеңімпаз фильм елімізге 32 жүлде әкелген. Екінші орында Ресей: олардың 20 фильмі 25 жүлде ұтып алған. Франция мен Қырғызстан 13 жүлдемен үшінші орынға орнықты, бірақ кинематографияның отаны бір қадам алдыда, себебі оның жүлдегерлері көп – 12, ал көрші елімізде - 11. Грузия алғашқы бестікте: 7 фильм және 8 жүлде.
Үздік ондыққа Германия (6/7), Әзірбайжан (4/6), Қытай және Өзбекстан (әрқайсысы 4/4) кірді.
Бірақ оныншы орын үшін нағыз талас жүруде. Бірден үш жүлдесі бар 6 мемлекет бар – Иран, Түркия, Филиппин, Жапония, Польша және Хорватия.
Ал тізімнің астына қарайтын болсақ, онда лауреаттар арасында Еуропа мен Азияға ешқандай қатысы жоқ екі мемлекет: АҚШ пен Австралия бар. Мұндай жағдай олардың Еуропа елдерімен копродукцияға қатысуының арқасында болып отыр. Бірлескен өндірістің арқасында "Еуразия" фестивалінде кішкентай Монако еліде аталып өтіліп, тіпті жүлделердің бірін жеңіп алды.
Бүкіл жеңімпаз елдердің тізімі: