Биылғы жылы "Еуразия" кинофестивалінің дәстүрлі "Ерекше оқиға" конкурстан тыс бағдарламасы негізінен қазылар алқасы мүшелерінің жұмыстарынан құралған. Кинофестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Ойратқызы Әбікеева бұл фильмдер туралы былай дейді.
"САМАРҚАНДТАҒЫ ҚАУЫННЫҢ ДӘМІ". Халықаралық байқаудың қазылар алқасын басқаратын өзбек киносының шебері Әли Хамраевтің жаңа картинасы. Режиссер кино құралдары арқылы өз халқының ұлттық рухын жеткізе білуімен танымал, атап айтқанда, автордың пікірінше - Самарқандта, өзбек дәстүрлері мен өмір салты толығымен сақталған.
"МЕН ӘЙЕЛ БОЛҒАН КҮН". Әйгілі ирандық режиссер Мохсен Махмальбафтың қызы және шәкірті, ұлттық байқаудың қазылар алқасының мүшесі Хана Махмальбафтың фильмі. Үш новелла арқылы Иран қоғамындағы қыздың, әйелдің және кемпірдің тағдыры туралы әсерлі оқиғалар көрсетіледі. Кино метафоралық, өте әдемі, сонымен бірге әлеуметтік және поэтикалық, "Махмальбаф әулетінің" жарқын өкілі.
"ҚЫЗҒАЛДАҚ". Халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшесі Сергей Дворцевойдың бұл фильмін таныстыру аса қажет емес шығар. Онда Қазақстан жерінің сұлулығы соншалықты поэтикалық және нәзік көрсетілген, тіпті фильм көп жылдар бойы біздің кинематографтың визит карточкасына айналған болатын. Биылғы жылы әлемдегі ең ірі кинофорумдарда жеңіске жеткен фильмге 15 жыл толады. Сонымен қатар, оның премьерасы кезінде осы "Еуразия" фестивалінде өткен болатын.
"АГА". Ұлттық байқаудың қазылар алқасының мүшесі, болгар режиссері Милко Лазаровтың картинасы. Әлемнің шетіндегі ыдыраған отбасы туралы кино бүкіл әлем бойынша кинофестивальдерде көптеген марапаттарға ие болып, Берлинале-2018 фестивальнің жабылуында көрсетіліп, "Еуразия" кинофестивалінде Үздік режиссура жүлдесіне ие болған еді.
"ХИРУРГ". Биылғы "Еуразия" фестивалінің президенті, белгілі қазақстандық кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың жаңа фильмі. Біздің заманымыз үшін өте терең және сирек кездесетін философиялық, экзистенциалды кино, онда өмірдің мәні, болмыстың құпиясы туралы сұрақтар көтеріледі. Асқар Ілиясов пен Айсұлу Әзімбаеваның актерлік дуэті де әсерлі. Картина әлі ешқандай кинофестивальдерде көрсетілген жоқ, сондықтан «Еуразияда» оның әлемдік премьерасы болады.