МЕНЮ

XVI «Еуразия» ХКФ өз қонақтарына бірқатар жаңашылдықтарды ұсынбақшы.  Биылғы жылы халықаралық байқаумен қатар алғаш рет бірегей ұлттық байқау өтеді. Фестивальдің бағдарламалық директоры Гүлнара Әбікеева бұл туралы былай деді: 

– 1998 жылы фестиваль ашылғаннан бері өткен жиырма жылдан астам уақыт ішінде «Еуразиямен» қатар өскен қазақстандық кинематографистердің тұтас бір буыны қалыптасты. Егер 2000 жылдардың басында біз отандық бағдарламаны «Қарқынды даму үстіндегі қазақ киносы» деп атаған болсақ, бүгінде қазақстандық кинематограф оған жеке ұлттық байқауды арнауға болатындай жоғары деңгейге жетті. Оның бірегейлігі – халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі болған туындылар мен кең көрермендер аудиториясы арасында танымалдылыққа ие болған туындылар  тартысады. Біздің Қазақстанда әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті кино түсіретін кез келді. Және біздің ұлттық байқауымызды көпшілік қызығушылықпен тамашалайтын болады! 

Әйгілі кинотанушының бұл сөздерінің дұрыстығына фестиваль өтетін күндері «Форум» СОО-дағы Kinopark 16 кинотеатрында өтетін кинокөрсетілімдерге қатыса отырып көз жеткізіңіздер.

Фестиваль жаңалықтарын eurasiaiff.org сайтында оқыңыз және біздің Instagram, Facebook парақшаларымызға жазылыңыз (eurasiaiff)!