Еуразия» Халықаралық кинофестивалі пандемияға байланысты орын алған екі жылдық үзілістен кейін қайта оралды! Енді ол бұрынғысынша 1998 жылы өзі құрылған, фестивальдердің көпшілігі өткен Алматы қаласында өз жұмысын бастамақ.
Кинофорумның басты мақсаты – қазақстандық киноны өнер және жеке индустрия ретінде дамыту, жұртшылықтың кино өнеріне деген қызығушылығын арттыру, кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Кезекті 16-шы «Еуразия» ХКФ 12 - 18 желтоқсан аралығында өтеді. Фестивальдің ресми ашылу және жабылу салтанаты бүкіл еуразиялық кеңістіктегі ең ірі театрлардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында, ал кинокөрсетілімдер «Форум» ОСО Kinopark 16 кинотеатрында өтеді.
Биылғы фестиваль екі негізгі байқау бағдарламасын қамтиды:
- халықаралық, оның аясында қандай да бір тақырыптық және жанрлық шектеулерсіз, 2021-2022 жылдары шығарылған Азия және Еуропа елдерінің толықметражды кинотуындылары бәсекелес болады;
- ұлттық – тақырыптық және жанрлық шектеулерсіз, 2021-2022 жылдары шығарылған отандық толықметражды ойын фильмдерін қамтиды.
Іс-шарада беделді Азия киносын ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйымының - NETPAC қазылар алқасы жұмыс істейтін болады.
Байқаудан тыс бағдарлама мен фестиваль шеңберінде өтетін басқа да іс-шаралар мазмұнды болмақ.
XVI «Еуразия» кинофестиваліне қош келдіңіз!