24-30 қараша аралығында Алматыда өтетін XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі – Орталық Азия мен түркі әлемінің киномәдени қазыналарын паш ететін рухани мереке. Бұл фестиваль көрермендерге түрлі халықтардың тарихы мен жан дүниесін ашатын ерекше фильмдерді ұсынады.
Фестивальдің басты бағдарламаларының бірі – режиссерлердің үздік туындыларын біріктіретін арнайы байқау. Терең ой, мәдени ерекшелік және күтпеген сюжетпен ерекшеленетін 9 фильм көрермен назарына ұсынылады. Әрбір туынды қайталанбас оқиғаны баяндайды. Олар көрерменді өз әлеміне жетелеп, жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің байқауы – түрлі мәдениетті тоғыстыратын көпір, кино әлемінің барлық қыры мен байлығын көрсететін алаң. Оның басты мақсаты – аймақтың кино өнерін халықаралық аренада таныту, сондай-ақ көрермендерге Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің қазіргі мәдени құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беру. Бұл байқау кино өнерінің шексіз мүмкіндіктерін паш етіп, ерекше оқиғалармен толықтырады.
Биылғы бағдарламаға сегіз ел қатысуда: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия, сондай-ақ Ресейдің Татарстан және Якутия аймақтары. Бұл әртүрлілік пен бірліктің тағы бір дәлелі. Көрермендер ортақ мәдени дәстүрлер мен ұлттық ерекшеліктерге негізделген кинематографиялық оқиғалар арқылы әр елдің өзіндік әсемдігін танып, өнер әлеміне саяхат жасай алады.
Жеке өмірден эпосқа дейін: бағдарламаның үздік туындылары
1. One of Those Days When Hemme Dies (Түркия, 2024, 83 мин.)
Картинаның режиссері көрермендерді Түркияның оңтүстік-шығысындағы ыстық жазға жетелейді. Бас кейіпкер Эйюп қызанақ жинап, қарызын қайтару үшін бар күшін салады. Бастығымен жанжалдасқан ол тығырықтан шығар жол іздейді. Осылайша қарапайым күн әлеуметтік теңсіздікты көрсететін драмаға айналады.
2. Melody (Тәжікстан, Иран, 2023, 85 мин.)
Фильм музыка пәнінің мұғалімі Мелодидің жүрек тебірентер оқиғасын баяндайды. Ол қатерлі ісікке шалдыққан балаларға музыка арқылы қуаныш сыйлауды. Құстардың үнінен ерекше композиция жасау туралы ұмтылыс оны туған ауылына жетелейді. Табиғат әуендерін жазу барысында ол артта қалған өмірдің маңызын қайта сезінеді.
3. Joqtau (Қазақстан, 2024, 70 мин.)
Фильм ұзақ уақыт жарықта болып, Қазақстанға қайта оралған жас жұптың оқиғасын баяндайды. Кіндік қаны тамған жерге сапар олардың отбасы тарихын зерттеуге, өткенмен рухани байланыс орнатуға және ішкі үйлесімділікті табуға деген ізденіске айналады.
4. Ғашықтар тауы (Татарстан, 2024, 99 мин.)
Фильм көрермендерді Таллықүл ауылына жетелейді. Ғасырлар бойы жергілікті тұрғындар ғашықтар тауына көтеріліп, бір-біріне адал болуға ант етіп келген. Алайда бұл қасиетті мекенде кен өндіру жұмыстары басталмақ. Басты кейіпкер, қария Ясмина, ауыр техниканың жолын бөгеп, қасиетті жерді қорғауға бел буады. Бұл оқиға адам рухының күшін және қарсыласудың символын бейнелейтін әсерлі хикаяға айналады.
Өзге фильмдер: өткен мен бүгін туралы:
– Maryam (Әзірбайжан, Түркия) – кейіпкердің отбасылық қиындықтарды жеңе отырып, өз әулетіне оралуы туралы әсерлі оқиға.
– Deal At The Border (Қырғызстан) – шекаралық аймақтағы түрлі мүдделер мен тағдырлардың тоғысуы.
– Махтумқұлы Фраги (Өзбекстан, Түрікменстан) фильм көрермендерді XVIII ғасырға жетелеп, ұлы ақын және ойшылдың жастық шағы туралы баяндайды. Фильм оның білімге деген ұмтылысы, халық бірлігіне деген құштарлығы және отанына деген сүйіспеншілігі жайлы сырын шертеді.
– Там, где танцуют стерхи (Якутия) – ақ тырна бақыт әкеледі деген аңызға сеніп, ертегі атмосферасымен шабыттандыратын фильм.
– Дерево судьбы (Түрікменстан) – Ұлы Отан соғысына арналып, жеке адамның өмірі мен тұтас елдің тағдырларымен байланыстыратын фильм.
Орталық Азия мен түркі әлемінің елдерінің байқауы бай мәдени дәстүр әлеміне еніп, өткеннің тынысын сезіну және кино арқылы бүгінгі күнге қарауға мүмкіндік береді. Әрбір фильмнің өзіндік ерекше көзқарасын, шекараға қарамастан аймақ тұрғындарының байланысын көрсетеді.
Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.
Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz.
Баршаңызды шабыттандырып, ой салатын және жаңа көкжиектер ашатын кинематографиялық өнер туындыларын тамашалауға шақырамыз. Фильмдерді үлкен экраннан көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!