МЕНЮ

Кинофествальдің екі байқау бағдарламасына қатысатын төрт фильм өз елдерінің атынан Америкалық киноакадемия – «Оскар» сыйлығына ұсынылған. Бұл биылғы кинофестивальдің жоғары дәрежеде өтіп жатқанының көрсеткіші деуге болады. 

Сыйлыққа ұсынылған фильмдер жайлы фестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Әбікеева айтып берді.

– Чех режиссері Петр Вацлавтың «Иль Боемо» картинасы кезінде Моцарттың өзіне ықпал еткен композитор Йозеф Мысливечек туралы баяндайды. Ол 30-дан астам опера жазған және өмірі шығармашылыққа толы болған. Опера музыкасымен толықтырылған, әдемі костюмдер мен керемет актерлік ойыны бар өте әдемі, жарқын фильм.

Екінші фильм – мүлдем қарама-қарсы. Түрік режиссері Тайфун Пирселимоглу «Керр»  әкесін жерлеген ер адамның тағдырын баяндайды. Чех фильмінен айырмашылығы, мұнда стильдің қатаңдығы, психологизм, эстетикалық бейнелеу басым.

Үшінші фильм – режиссер Леван Кугуашвилидің «Брайтон 4-ші» фильмі. Бұл Америкада тұратын бейбақ ұлы мен оған көмекке келетін әке арасындағы қарым-қатынас оқиғасы, және өз өмірін тәуекелге тігеді. Фильм ата-ананың жанқиярлығы, эмиграция мәселелері, грузин бауырластығы туралы, бірақ бәрінен бұрын ұрпақтар байланысы жайында.  

«Оскарға» Қазақстан атынан ұсынылған – режиссер Эмир Байғазиннің «Өмір» картинасы. Алты новелла арқылы ер адамның құлдырауы туралы аяндалады – несиелер, қарыздар, жұмыстан босату, ақшасыз қалу, үйсіз қалу, психиатриалық ауруханаға түсу және қылмыстық орта. Бұл адамның өмір мен өлім арасындағы қылға дейін қалай жететіні туралы философиялық рефлексия. Өте әдемі, концептуалды кино.

Осы төрт фильмге қырғыз режиссері Актан Арым Кубаттың «Эсимде» картинасы да қосылады, ол биыл Азия - Тынық мұхиты елдері киноакадемиясының (APSA) «Азия Оскарын» жеңіп алды, бұл бүкіл Орталық Азия үшін үлкен мақтаныш.