«Еуразия» халықаралық кинофестивалі 15 ауқымды кинокөрсетілімдерді сәтті өткізді, оның ең біріншісі өткен ғасырда – 1998 жылы өтті. Тек негізгі байқаудың өзінде осы уақыт ішінде жетекші шетелдік және отандық авторлардың жүздеген кинотаспалары көрсетілді. Фестивальдің әртүрлі бағдарламаларында ұсынылған фильмдер арқылы студенттер мен мектеп оқушылары әлемнің кинематографиялық картасымен таныса алады.
Біз республикамыздың жетекші кинотанушысы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті, сондай-ақ «Еуразия» фестивалінің бағдарламалық директоры Гүлнара Әбікеевадан «Еуразия» байқауларына қатысқан ең үздік 10 фильмді атап өтуін сұрадық және мынадай жауап алдық:
Мен оннан бірге дейін тізіп көрсетпей-ақ қояйын, тек сүйікті кинокартиналарымды атап өтейін:
- «Бешкемпир» (Қырғызстан) Ақтан Арым Кубат;
- «Темір арал» (Иран) Мохаммад Расулоф;
- «Аңшылық» (Дания) Томас Винтерберг;
- «Бауыр» (Қазақстан) Серік Апрымов;
- «Керілген адырна» (Оңтүстік Корея) Ким Ки Дук;
- «Гүлденуде» (Грузия) Нана Эквтимишвили;
- «Көктемнің алғашқы нөсері» (Қазақстан) Ерлан Нұрмұхамбетов;
- «Он үш» (Грузия) Гела Баблуани;
- «Гастрабайтер» (Өзбекстан) Юсуп Разыков;
- «Қызғалдақ» (Қазақстан) Сергей Дворцевой.