МЕНЮ
Халықаралық копродукция – Қазақстан киносының болашағы

2024 жылдың 25 қарашасында XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында шетелдік қонақтардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде халықаралық копродукция мәселелері талқыланды. Бұл отандық киноиндустрия үшін өзекті тақырып болып табылады. Себебі қазақстандық киногерлер әлемдік кинематография кеңістігіне ену және даму жолдарын іздестіруде.

Іс-шараға Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы бас хатшының кеңесшісі Майра Қарсақбаева, кинематография бойынша өкілі Салим Эзер, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының киножобалар мониторингі жөніндегі орынбасары Бауыржан Шүкенов, ресейлік режиссер Алексей Тельнов, қазақстандық режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов және Бекболат Шекеров, «Қазақфильм» АҚ бөлім басшысы Ольга Хлащева қатысты.

Бірлескен өндіріс Қазақстан үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Ол кино өндірісінің сапасын арттыруға, шетелдік нарыққа шығу арқылы аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Алайда, дөңгелек үстел қатысушылары аталмыш жобалардың табысты болуы үшін өзара мәмілеге келуге дайын болу қажет екенін айтуда.

«Бірлескен жобаларда ең бастысы – ымыраға келе алу. Бұл салада менің үлкен тәжірибем бар. Қазақстан және Жапонияда басқа режиссерлермен бірге жұмыс жасадық. Егер сіз бұған дайын болмасаңыз, түсіру кезінде үлкен қиындықтар туындайды», — деді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.

Қатысушылар тиімді копродукцияның мысалы ретінде білім беру жобаларын атады.

«Біз француз студенттерін шақырдық. Олар Астанада Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен бірге фильм түсірді. Кейін барлығы Францияға барып, шамамен бір ай монтаж және постпродакшнмен айналысты. Біз дайын өнім алдық. Мұндай бастамаларды қолдау қажет. Копродукция студенттік кезден басталады. Жастар бірлескен шағын жобалар жасап, бір-бірімен кәсіби байланыстар орнатады», – дейді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.

Халықаралық бірлескен өндірісті дамыту және ынтымақтастықты жеңілдету үшін спикерлер келесі ұсыныстарды айтты:

– Студенттерді бірлескен өндіріс негіздерін үйрететін білім беру бағдарламаларын енгізу.

– Халықаралық келісімдерге қол қою және заңнамалық базаны әлемдік стандарттарға сәйкестендіру.

– Кинематографистердің өзара әрекеттесуіне арналған бірыңғай платформаны құру.

Дөңгелек үстел Қазақстан мен шетелдік киноұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылаумен аяқталды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде өз орнын айқындау үшін маңызды қадам болар еді.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.