МЕНЮ
КИНО УАҚЫТҚА ТӘУЕЛДІ ЕМЕС!

85 жыл! Ғажап! «Еуразия» кинофестивалінің ең жас және ең қарт лауреаттарының арасындағы жас айырмашылығы осындай.

2016 жылы XII «Еуразия» ХКФ-да, сонау үнсіз кино дәуірінде дүниеге келген әйгілі кеңестік және қазақстандық актер Юрий Померанцев 93 жасында отандасымыз Игорь Пискуновтың «Аптасына бір рет» фильмі үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алған.

Екі жылдан соң – 2018 жылы - көрермендер фестиваль тарихындағы ең жас жеңімпазды марапаттады. Сегіз жасар Марта Козлова – ресейлік режиссер Алексей Федорченконың «Аннаның соғысы» фильмінің басты кейіпкері - XIV «Еуразия» ХКФ-да үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болды.

Осымен айтайын дегеніміз, кино - бұл өз арманыңа жету үшін ешқашан кеш емес және ешқашан ерте емес сиқырлы әлем!