МЕНЮ
«Мемлекеттік қолдауға үміт артамыз»: Шәрипа Оразбаева әйелдер киносының дамуын талқылады

Қазақстанда әйелдер киносының даму тақырыбының өзектілігі күн санап арта түсуде. Нәзік жанды режиссерлер өнерде жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, маңызды әлеуметтік мәселелерді де көтереді. XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұйымдастырылған іскерлік алаң кино саласында әйелдердің кездесетін қиындықтары, қол жеткізген жетістіктері және болашақ жоспарларды талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шарақа қатысқан отандық режиссер Шәрипа Оразбаева өз пікірімен бөлісті:

«Бүгінгі таңда елімізде әйелдер киносы қарқынды дамып келеді. Көптеген әйел режиссерлер өз туындыларын көрсетіп, жетістіктерге жетуде. Бұрын олар негізінен авторлық кино түсірсе, қазір мемлекет қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. Қазақ әйелдерінің өмірін, ішкі сезімін, уайымы мен қоғамда туындайтын мәселелерді қазақстандық көрерменге көрсетуді армандаймыз».

Кездесуге қазақстандық киносыншысы Венера Қайыржанова, сондай-ақ режиссер Елена Лисасина және сценарист Гүлшат Смағұлова да қатысты. Талқылау барысында спикерлер әйелдер киносының Қазақстанда танымалдылығы артып келе жатқанын, ал режиссер әйелдер үшін өз жұмысын көпшілік назарына ұсыну арқылы кәсіби маман ретінде мойындалуға жаңа мүмкіндіктердің пайда болғаны айтылды.

Мемлекет тарапынан бұл саланы дамытуға қолдау көрсету аса маңызды. «Еуразия» сияқты алаңдар осындай идеяларды жүзеге асыру үшін таптырмас орын. Бұл үрдіс әділ әрі ашық киноиндустрия құру жолындағы маңызды қадамға айналмақ.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.