МЕНЮ
МЕРГЕН – «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ БАСТЫ СИМВОЛЫ

"Еуразия" кинофестивальдерінің дәстүрлі символы – ат үстіндегі садақ атып тұрған мерген. Және де бұл мүсінді конкурстық бағдарламалардың жеңімпаздарына берілетін статуэткаларда да қолданады. Бұл - Жетісуда қазба жұмыстары кезінде табылған сақ құрбандық үстелінің үзіндісінің дәл көшірмесі. Табылған бейне біздің заманымызға дейінгі V-III ғасырларға жатады.

Сақ садақшысының бейнесі біздің заманымыздың өнерімен таңқаларлықтай үйлеседі. Белгісіз суретші осы сәттің шиеленісі мен динамизмін керемет түрде жеткізе алған: ат ұшуға асығуда, ал мерген садақты тартып, атуға дайындалуда…

Биылғы жылы біздің дизайнерлер ежелгі бейнені сәл өзгертіп, оны заманауи етуге тырысты.

Біздің мерген кинематографиялық кеңістікке секіргендіктен, ол бізге шығармашылық шабыт жебелерін жібереді! Сондықтан ұстап алуға уақыт табыңыздар!