XVI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінде Азия киносы бойынша әлемдегі жетекші Азия киносын ілгерілету жөніндегі халықаралық желісінің (NETPAC) қазылар алқасы да жұмыс істейтін болады.
Қазылар алқасының төрағасы:
Нада Азхари-Гийон – француз киносыншысы және журналисті. Араб тілді БАҚ-на арналған мақалалардың авторы, FIPRESCI, NETPAC, Франция киножурналистер Одағының және "Люмьер" академиясының мүшесі.
Қазылар алқасының мүшелері:
- Шарофат Арабова – Тәжікстаннан келген режиссер және кинотанушы. Тәжік кинематографы туралы екі монографияның авторы, Душанбе Халықаралық кинофестивалінің арт-директоры. Оның "Жоғары ұшу" (2010), "Арасында" (2013), "Тасфия" (2014), "Арман сатушы" (2017) фильмдері халықаралық кинофестивальдердің марапаттарына ие болған. NETPAC мүшесі, көптеген халықаралық кинофестивальдердің қазылар алқасының жұмысына қатысқан.
- Сұлтан Усувалиев - Қырғызстаннан келген кино тарихшы. ВГИК аспирантурасының түлегі, өнертану кандидаты, Film Sense журналының бас редакторы.