МЕНЮ
«Сценарийде тарихты зерттеп, оны көрініс арқылы баяндау қажет»: Бағдат Арғыновтың XVII Халықаралық кинофестивалінде шебеклік сағат өткізді

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Қазақстанның ең ірі продакшн-компаниясы Salem Entertainment ұйымдастырған шеберлік сабақ өтті. Оған киноиндустрияға енді аяқ басып келе жатқан жастар қызығушылық танытып, тәжірибелі мамандары қатысты.

Іс-шараның негізгі спикері танымал қоюшы-оператор Бағдат Арғынов. Ол көпшіліктің көзіне «Шекер», «5:32», «Сержан братан» және «Бизнес по-казахски в Бразилии» сияқты танымал жобалармен түсіп үлгерген.

Арғынов жұмыс барысында туындайтын маңызды мәселелерге тоқталып, кәсіби маман мен әуесқой операторлардың айырмашылығы туралы сөз қозғады.

«Алғаш рет кино әлеміне келгенде, менен әуесқой оператор мен кәсіби қоюшы-оператордың айырмашылығы қандай деп сұрады. Мен бар мәселе жарықтандыру, техника және камераға байланысты деп ойладым. Бірақ маған былай жауап берді: әуесқой оператор әдемі кадр туралы ойлайды, ал кәсіби қоюшы-оператор сценарийді зерттеп, әрбір кадры келесісімен байланыстыра отырып, оқиғаны баяндайды. Маған сценарийдегі тарихты зерттеп, оны суретші сияқты көрініс арқылы баяндау маңызды», – деді Бағдат Арғынов.

Salem Entertainment ұйымдастырған шеберлік сабақ қазақстандық киноның дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Ол қатысушыларды әрбір кадрдың мән-мағынасы мен ой тереңдігін жеткізетін жарқын көріністерді түсіруге шабыттандырды.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.