МЕНЮ
ШЕБЕРДІҢ АМАНАТЫ

XVI «Еуразия» халықаралық  кинофестивалінің халықаралық байқауында екі жыл бұрын ковидтен қайтыс болған көрнекті оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дуктың соңғы фильмі көрсетіледі. Шебердің шығармашылық аманатына айналған «Құдайдың шақыруы» картинасының бірегей тағдыры бар, ол туралы бүгін кинофестивальдің бағдарламалық директоры, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Ойратқызы Әбікеева баяндайды.   

– Өз туған жерінен кетуге мәжбүр болған Ким Ки Дук өмірінің соңғы жылдарын посткеңестік кеңістікте өткізді. Қазақстанда да, Қырғызстанда да фильм түсірді, Балтық елдерінде жұмыс істемек болды. Өзінің соңғы фильмін түсіріп, алғашқы монтажын жасап үлгерді, бірақ монтажды оның Балтықтағы әріптестері аяқтады. Фильмді Эстондық продюсер Артур Вебер қолдады, ол фестивальге келіп, осы картинаны таныстыратын болады.   Фильмнің әлемдік премьерасы биыл 79-шы Венеция кинофестивалінде өтті. Біз үшін картинаның «Еуразия» фестивалінде көрсетілетіні үлкен қуаныш. Фильмде Ким Ки Дуктың кинематографына тән тақырыптар бар. Бұл буддистік астарлы әңгімедегідей арман мен шындықтың теңгерімі, адам түсінде өзін көбелек ретінде көре мен, әлде көбелек өз түсінде адамға айналғанын көре ме. Және фильмнің өзі – басты кейіпкердің түсі сияқты, себебі, бүкіл фильм ақ-қара тек соңында ғана түрлі-түсті болып өзгереді, бұл кейіпкерлердің қарым-қатынасы нәтижесінде түске айналған шындық па. Картинаға біз 16 + жас шектеуін қоямыз, өйткені Ким Ки Дуктың барлық жұмыстары сияқты, онда ашық көріністер көп. Бұл адамның өткір сезімдері, еркек пен әйел арасындағы махаббат, олар қабылдаған құмарлық туралы.   Біз үшін бұл фильмнің Қырғызстанда түсірілгені және оның басты рөлдерін қырғыз актері Абылай Маратов пен қазақстандық актриса Жанел Серғазина сомдағаны маңызды.