МЕНЮ
Шәкен Аймановтың әйгілі «Алдар көсе» фильмінің қалпына келтірілген нұсқасы үлкен экранда көрсетілді

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде қазақ киносының ұлы шебері Шәкен Аймановтың мерейтойына арналған ерекше шара өтті. Көрермендер әйгілі «Алдар көсе» фильмін тамашай алды.

Фильм халықтың жанашыры Алдар көсенің оқиғасын баяндайды. Ол өзінің тапқырлығы мен айлакерлігін пайдаланып, қаналған қарашаға ашара түсіп, ашкөз байларды алдайды. Бұл туынды әділеттілік үшін күресті сипаттап, арада көптеген жылдар өтсе де өзектілігін жоғалтпаған.

«Менің немерем тоғызыншы сыныпта оқиды. Өзі осы фильмді көргісі келді. Әрине, бұл мені қатты қуантты. Жас ұрпақ осы шедеврді білуі тиіс», – деді көрермендердің бірі Шұрағали Алжанов.

Бұл фильм өзінің терең мағыналы мазмұнымен ғана емес, сонымен қатар Шәкен Аймановтың режиссер, сценарист және актер ретіндегі рөлімен де қызықты.

Көрсетілім фестиваль бағдарламасының жарқын бөлігіне айналды. Бұл ұлы режиссер Шәкен Аймановқа көрсетілген ерекше құрмет. Ал көрермен оның шығармашылығын жаңа сапада көру мүмкіндігіне ие болды.

Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.

Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.