XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында қазақстандық дубляждың болашағына арналған іскерлік алаң ұйымдастырылды. Сала мамандары әлемдік киноны қазақстандық көрермендер үшін қолжетімді етуде оны бір орынға шоғырландырудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ дубляж сапасын жақсарту үшін қандай қадамдардың жасалуы қажет екені тілге тиек етілді.
Дубляж саласының кәсіби маманы Шах-Мұрат Ордабаев көптеген табысты жобаларға қатысқан. Бүгінгі кездесуде ол өз ойын ортаға салды.
«Біз тек алға жылжып келеміз. Фильмдер саны артатыны сөзсіз, себебі қызығушылық бар. Sony мен Disney секілді ірі компаниялар бізбен серіктес болғанда, бір орында тұралап қалу мүмкін емес. Жұмысты алға ілгерілеу керек, осы мақсатта барымызды салып келеміз. Соңғы тұсаукесер осының айқын дәлелі», – деді Шах-Мұрат Ордабаев.
Соңғы жылдары қазақстандық аудитория үшін фильмдерді бейімдеу маңызды мәселеге айналды. Отандық дубляжды дамытуға күш салып жүрген көшбасшы компания «Меломан» және Movie Dalen тобы осы бағыттағы жетістіктерімен бөлісті. Олар сапаны жақсарту және аударма мен дыбыстау процесіне жаңа технологияларды енгізген.
«Еуразия» секілді алаңдарда ұйымдастырылатын кездесулер кәсіби мамандар мен қызығушылық танытқан аудитория үшін тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік береді. Мұнда сценарий аудармасының сапасы мен бейімделуі секілді дубляждың техникалық тұстары ғана емес, сонымен қатар сапалы контент жасау үшін оның шығармашылық жағы да назардан тыс қалмады.
Іскерлік алаң қатысушылары дубляждың дамуы тек фильмдерді белгілі бір ортаға бейімдеу ғана емес, сонымен қатар оны әлемдік стандарттарға сәйкестендірудегі рөлінің маңыздылық қадап айтты.
Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.
Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.