Биыл ұлы француз әншісі Шарль Азнавурдың туғанына 100 жыл толды. Әйгілі Time журналы мен CNN телеарнасының бірлескен сауалнамасында ол ХХ ғасырдың үздік эстрадалық орындаушысы болып танылған.
Азнавур кино әлемімен де тығыз байланысты. Ол өмір бойы 60-тан астам фильмдерде ойнаған, олардың көпшілігі алтын кино қорына кіреді. Сонымен қатар француз 5 картинаның сценарийлерін жазған, Венеция кинофестивалінің "Алтын арыстанымен" және француз кино академиясының "Сезар" сыйлығымен марапатталған.
Атақты әртіс Қазақстан жерінде де болған. "Еуразияның" арқасында 2013 жылы Азнавур фестиваль қонағы болып, "Әлемдік өнерге қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығымен марапатталды. Сол кезде 89 жасқа келген маэстроның бұл сапары бүкіл фестивальдің нағыз көркіне айналды.