Біз бұған дейін хабарлағандай, "Еуразия" кинофестивалі екі конкурстық бағдарламадан тұрады:
- Халықаралық байқау, оның шеңберінде Еуразия құрлығының аумағында соңғы 12 айда тақырыптық және жанрлық шектеулерсіз түсірілген 15 толықметражды көркем фильмдер жарысатын болады;
- Ұлттық байқау, оның жүлделеріне 2021-2022 жылдары тақырыптық және жанрлық шектеулерсіз шығарылған 15 отандық толықметражды ойын фильмдері таласады.
Конкурстан тыс бағдарламада:
«Ерекше оқиға» бағдарламасы, мұнда мерейтойлық фильмдер, сондай-ақ фестивальдің ашылу және жабылу фильмдері, әртүрлі дәуірлер мен жанрлардағы әлемдік кино қайраткерлерінің фильмдерінің ретроспективасын ұсынылады;
«Жаңа есімдерді ашу», қазіргі заманғы қысқаметражды қазақстандық киноға арналған бағдарлама. Онда 2020-2022 жылдары түсірілген жас режиссерлердің үздік 15 фильмінің көрсетілімдері болады.
Фестивальдің басқа іс-шараларынан өндіріс сатысында тұрған отандық туындыларды ұсынатын Work-In-Progress бағдарламасын атап өтуге болады. Бұл әсіресе кинофестиваль таңдаушылары мен продюсерлерге қызықты болады.
Сондай-ақ киноиндустрия шеберлерімен оқыту шеберлік сыныптары мен тренингтер өтеді. Және де қазылар алқасының мүшелерімен, фестивальдің шетелдік және қазақстандық қатысушыларымен "Дөңгелек үстелдер" мен баспасөз конференцияларын өткізу жоспарланған.