XVI "Еуразия" кинофестивалінің ұлттық байқауының қазылар алқасының құрамына 5 адам кірді.
Қазылар алқасының төрағасы:
Лайла Пакалниня - Латвиядан келген кинорежиссер және сценарист. Бүгінгі күнге дейін ол 32 деректі және 11 көркем фильм түсірді (оның 5-і қысқаметражды), олардың көпшілігі ірі еуропалық кинофестивальдерге қатысып, жүлделер жеңіп алған. "Пицца" картинасы Рим Халықаралық кинофестивалінің Cinema XX конкурстық бағдарламасында марапатқа ие болды, ал "Аяқ киім" фильмі Канн фестивалінен басқа 1998 жылы алғашқы "Еуразия" кинофестиваліне де қатысқан.
Қазылар алқасының мүшелері:
Хана Махмалбаф - ирандық режиссер және сценарист, Мохсен Махмалбафтың қызы және шәкірті. Оның "Ақылсыздықтың қуанышы" (деректі фильм, 2003) және "Будда ұяттан құлады" (2007) фильмдері беделді халықаралық кино марапаттарының иегерлері.
Сано Синдзю – жапондық продюсер, режиссер және сценарист. Ол Қазақстан мен Жапонияның бірлескен өндірісінің бірқатар фильмдерін шығарды: "Соңғы демалыс" (1996), "Ақсуат" (1997), "Үш ағайынды" (1999), "Найзағай алдында" (2011).
Милко Лазаров - болгар режиссері, сценарист, продюсер және актер, халықаралық кинофестивальдердің бірнеше дүркін қатысушысы және жүлдегері. Оның "Ага" (2018) фильмі бүкіл әлем бойынша кинофестивальдерде 21 марапатқа ие болған, оның ішінде XIV "Еуразия" кинофестивалінде Үздік режиссура сыйлығы бар.
Олег Борецкий - қазақстандық кинотанушы, СТВ ("Рахат") телеарнасындағы "Киноклуб" бағдарламасының, сондай-ақ "Цезарь" (Алматы) кинотеатры базасындағы "Олег Борецкий киноклубы" арнайы жобасының авторы және жүргізушісі.