Бүгін Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Орталық Азияның басты кинооқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген киношерлер мен киносүйер қауымды біріктірді. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты. Фестиваль алаңы мәдени пен шығармашылықтың қазанына айналып үлгерді.
Фестивальдің қатысушылары мен қонақтарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі жеткізілді. Оның құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары:
Халықаралық байқау:
Орталық Азия және Түркі әлемі елдерінің байқауы:
Фестивальдің жабылу салтанатында KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті өнер көрсетіп, кино апталығын шымылдығын жапты.
Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.
Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», QazaqGazetteri, EgemenQazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.