МЕНЮ
ӨЗГЕРІСКЕ ТОЛЫ ӘЛЕМДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БЕЙНЕСІ 

XVI «Еуразия» ХКФ Ұлттық байқауының шеңберінде таныстырылатын фильмдер туралы киносыншы, өнертану ғылымдарының кандидаты Фестивальдің іріктеу комиссиясының мүшесі Инна Смаилова айтып берді.

– Соңғы екі-үш жылдағы оқиғалар біздің айналамызда болып жатқанның бәрін алдын ала болжау мүмкін емес екенін көрсетті және біздің кинорежиссерлер әлемнің осы өзгерістеріне бейімделгенін көру қызықты.  Айта кету керек, байқаудың көптеген фильмдері әлемдік кинотеатрларда көрсетілген: «Ақын» – Токио кинофестивалінің жүлдегері, «Схема»  – Берлин лауреаты, «Өмір» – Торонто фестивалінің қатысушысы. Сондай-ақ, «Паралимпиадашы», «От», «Отау», «Ана, мен тірімін!» және басқалары да бар.

Бұл бағдарлама сонымен қатар шебер суретшілер мен жастар буынының бір-бірімен қол алысуына мүмкіндік беретін алаңға айналды, мысалы, «Ауыл» картинасын ұсынған «Қазақтың жаңа толқынының» мэтрі Серік Апрымов пен «Отау» фильмімен шыққан жас әрі талантты режиссер Әлішер Жәдігеров. Белгілі кинематографист Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» картинасындағы тарих пен тұлғаға деген көзқарасын қайта қарау автордың толықметражды дебюті болған Яна Скопинаның «Жаз жақында аяқталады» фильмімен қиылысады. Отбасы тақырыбы Эля Гильманның «Күнбағыс» және Айжан Қасымбектің «От» картиналарын біріктіреді. Олардың қатарындағы – эксперименттік жұмыстар: Эмир Байғазиннің «Өмір» фильміндегі қоғамның шартты әлемі, Эльдар Шибановтың «Тау пиязы» фильміндегі еркін рух, Дәурен Қамшыбаевтың «Зере» картинасындағы жарқын статикалық-көрнекі арт-фактурасы, Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің «Ана, мен тірімін!» және  Шарипа Уразбаеваның «Қызыл анар» фильмі. 

Сондай-ақ, байқауда ұсынылған картиналар авторлардың өз жұмыстарында осындай өзгеріске толы әлемде қоғамның адам алдындағы этикалық және моральдық жауапкершілігі туралы сұрақ қоюымен таң қалдырады.